Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 60-бап. Жеке тұлғаның ипотекалық қарызының ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

60-бап. Жеке тұлғаның ипотекалық қарызының ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

60-бап. Жеке тұлғаның ипотекалық қарызының ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банк жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес ипотекалық қарыз шартын жасасқанға дейін осы Заңның 57-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес банктің ішкі құжаттарына сай қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін (төлем қабілеттілігін) бағалауды жүргізуге міндетті, ол: 

      1) банктің қалауы бойынша мынадай құжаттардың бірімен: 

      жеке зейнетақы шотынан берілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы үзінді көшірмесімен; 

      жұмыс орнынан берілген соңғы алты айдағы кірістері туралы анықтамамен; 

      банктің ішкі құжаттарына және рәсімдеріне сәйкес жеке тұлғаның кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің бар екендігін көрсететін өзге де құжаттармен расталған, қарыз алушының ипотекалық қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігінің болуын; 

      2) қарыз алушының соңғы алты айдағы кредиттік тарихының бар екендігін не жоқ екендігін; 

      3) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар екендігін не жоқ екендігін; 

      4) үшінші тұлғалар алдында кредиттік есепте көрсетілген берешектің бар екендігін не жоқ екендігін айқындауға бағытталған. 

      Қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін (төлем қабілеттілігін) бағалау жеке тұлғаның кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша бірлесіп қарыз алушы (ипотекалық қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы үшін ортақ жауапты адам) ретінде әрекет ететін жеке тұлға жөніндегі мәліметтерді де ескеруге тиіс. 

      Банктің осы тармақта көзделген қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін (төлем қабілеттілігін) бағалауды жүзеге асыруы үшін қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) анық емес ақпарат ұсынғаны үшін банк жауапты болмайды. 

      2. Егер жеке тұлға өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан алты ай ішінде жеке тұлғаның тиісті шетел валютасында кірісі болмаса, банктің көрсетілген жеке тұлғаға ипотекалық қарызды шетел валютасында беруіне тыйым салынады. 

      3. Банктің жеке тұлғаның ипотекалық қарыз шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң есепке жазылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етуіне тыйым салынады. 

      4. Ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тұрғынжай банктің меншігіне өткен және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушының (кепіл берушінің) меншігінде өзге тұрғынжай болмаған жағдайларда осындай қарыз алушы (кепіл беруші) тұрғынжай банктің меншігіне өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банкке мүліктік жалдау (жалға беру) шарты негізінде, оның ішінде оны сатып алу шартымен қарыз алушыға (кепіл берушіге) осындай тұрғынжайды жалға (мүліктік жалдауға) беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. 

      5. Банк осы баптың 4-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде оны қарайды және қарыз алушыға (кепіл берушіге) мынадай шешімдердің бірі туралы: 

      1) сатып алу шартымен немесе онсыз тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға беру) шартын жасасуға келісетіні туралы; 

      2) мынадай негіздердің бірі болған кезде: 

      өтініш беруші халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататыны жөнінде анық емес мәліметтерді ұсынған; 

      өтініш берушінің кіріс көздерінің болмауына байланысты жалға алу ақысын төлеу мүмкіндігі болмаған; 

      өтініш берушінің банкроттығы; 

      өтініш берушінің меншік құқығында тұрғынжайы болған кезде мүліктік жалдау (жалға беру) шартын жасасудан бас тарту туралы хабарлайды. 

      6. Банк пен қарыз алушы (кепіл беруші) арасында мүліктік жалдау (жалға беру) шарты тұрғынжайды сатып алу шартымен жасалған жағдайда, тұрғынжайға меншік құқығы қарыз алушы (кепіл беруші) жалға алу бойынша соңғы төлемді не тұрғынжайдың мүліктік жалдау (жалға беру) шартында айқындалған құнын толық мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырғаннан кейін қарыз алушыға (кепіл берушіге) ресімделеді. 

      7. Қарыз алушы (кепіл беруші) тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен астам өткізіп алған жағдайда банктің талап етуі бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шарты мерзімінен бұрын тоқтатылады. 

      Көрсетілген жағдайда банктің тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша мерзімі өткен тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуді талап етуіне тыйым салынады.  

      8. Банктің және қарыз алушы жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық қарыз шартына қатысты осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері жеке тұлғамен жасалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарттарына да қолданылады.  

      9. Осы бапта белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы