⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 62-бап. Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салықтық міндеттемені орындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

62-бап. Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салықтық міндеттемені орындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

62-бап. Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салықтық міндеттемені орындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жеріндегі салық органына жазбаша хабарлайды.  

      Беру актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:  

      1) таратудың салықтық есептілігін;  

      2) беру актісін ұсынады. 

      Таратудың салықтық есептілігі бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердың түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша осындай есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме туындаған салықтық кезеңнің басынан бастап оны салық органына ұсынған күнге дейінгі кезең үшін жасалады. 

      Таратудың салықтық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттеме бірігу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген әрбір заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлғаға жүктеледі. 

      Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі. 

      Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде мұндай тұлға бөлу балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жеріндегі салық органына көрсетілген балансты ұсынады. 

      2. Таратудың салықтық есептілігін ұсынуды қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.  

      3. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеуге құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      4. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі оның салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуге негіз болып табылмайды.  

      5. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.  

      Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға есепке жатқызылуға тиіс.  

      6. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтық берешек болмаған кезде:  

      1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады;  

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде осы Кодекстің 101-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.  

      7. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығын төлеуші - қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада қайта ұйымдастырылу күніне жиналып қалған қосылған құн салығының асып кетуі оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жатады. 

      Бұл ретте бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жататын қосылған құн салығының асып кетуі құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілетін негізгі құралдардың қалдық құнының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады. 

      Негізгі құралдардың қалдық құны бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның бөлу балансы негізінде айқындалады. 

      Осы тармақ бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған жағдайда қолданылады. 

      8. Салық органы заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде: 

      1) бірігу – жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына беру актісінің негізінде береді;  

      2) қосылу – қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны аталған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына беру актісінің негізінде береді;  

      3) бөлініп шығу – жаңадан құрылған заңды тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына бөлу балансының негізінде береді.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

218-бап. Үлестi меншiктегi мүлiктiң бөлiнуi және одан үлестi бөлiп шығару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

218-бап. Үлестi меншiктегi мүлiктiң бөлiнуi және одан үлестi бөлiп шығару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Үлестi меншiктегi мүлiк оған қатысушылар арасындағы...

Толық оқу »

221-бап. Бiрлескен меншiктегi мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

221-бап. Бiрлескен меншiктегi мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Ортақ меншiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасынд...

Толық оқу »

Комментарий к статье 221. Раздел имущества, находящегося в совместной собственности, и выдел из него доли Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 221. Раздел имущества, находящегося в совместной собственности, и выдел из него доли Гражданского кодекса Республики Казахстан Участники совместной с...

Толық оқу »

Комментарий к статье 218. Раздел имущества, находящегося в долевой собственности, и выдел из него доли  Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 218. Раздел имущества, находящегося в долевой собственности, и выдел из него долиГражданского кодекса Республики Казахстан Комментируемая статья разл...

Толық оқу »

509-бап. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан  Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне арналған салықтық мөлшерлемелер Кодекса О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс) Республики Казахстан

509-бап. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі       1. Егер үст...

Толық оқу »

125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі   ...

Толық оқу »

Комментарий к статье 125. Нарушение порядка расходования средств, выделенных из республиканского бюджета на проведение предвыборной агитации  Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 125. Нарушение порядка расходования средств, выделенных из республиканского бюджета на проведение предвыборной агитации Кодекса Республики Казахстан Об ад...

Толық оқу »

45-бап. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу Орман кодексі Қазақстан Республикасының

45-бап. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу Орман кодексі Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

57-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi (ортақ үлестiк жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлісу және одан үлестi бөлiп шығару Жер кодексі Қазақстан Республикасының

57-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi (ортақ үлестiк жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлісу және одан үлестi бөлiп шығару Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Ортақ ү...

Толық оқу »