64-1-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асырумен байланысты жолданымдарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру тәртібіне сәйкес қарайды.
2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның жолданымдарды қарау мерзімі олар бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған кезде қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
3. Жолданымды қарау нәтижелері бойынша бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушіге оның жолданымының мәні бойынша жауап (шешім) жіберуге міндетті.
4. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушінің жолданымдарын:
1) жолданымда жауап жіберілуге тиіс мекенжай көрсетілмеген;
2) жолданымда өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе толық атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген;
3) жолданымда былапыт не балағат сөздер, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның мүлкіне қауіптер, оның жұмыскерінің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіптер болған;
4) жолданым мәтіні оқуға келмейтін;
5) жолданымды уәкілетті емес тұлға берген жағдайларда қараусыз қалдыруға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушінің жолданымын қараусыз қалдыру себептерін көрсете отырып, жолданым алынған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жауап жібереді.
5. Жеке тұлға болып табылатын, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған және шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын өтініш беруші бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымға жүгінгеннен кейін бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым өтініш берушінің мүліктік талабын қанағаттандырудан бас тартқан немесе өтініш беруші бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның жауабын осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде алмаған жағдайларда, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі шеңберінде "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.
6. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органға тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілікті ұсынады.
7. Осы бапта белгіленген талаптар бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға (брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарына қосылуға) берілген өтініштерді қарауына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы.
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы