66-бап. Қорғаушы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Қорғаушы – қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оларға қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде және осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда заң көмегiн көрсететiн адам.
2. Адвокат қорғаушы ретiнде қатысады. Адвокат қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысқан кезде қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның жазбаша арызы бойынша оларды адвокатпен қатар қорғауды мына адамдардың біреуі: жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, қорғаншысы, қамқоршысы не қорғалатын адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдiк адвокаттардың iске қорғаушылар ретiнде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара түсіністік негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен жол берiледi.
3. Адамның қорғалуға құқығы бар куә, күдіктi, айыпталушы мәртебесін алған кезінен бастап, сондай-ақ қылмыстық процестің кез келген келесі кезінде қорғаушы қылмыстық процеске қатысуға құқылы.
4. Егер қорғалуға құқығы бар куәлардың, күдіктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, бiр сол адам олардың екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.
5. Адвокаттың өзi мойнына алған қорғалуға құқығы бар куәны, күдіктiні немесе айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы