Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 69-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Азаматтық қорғау туралы Заңы

69-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Азаматтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

69-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Азаматтық қорғау туралы Заңы 

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік техникалық регламенттерде, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, нұсқаулықтарда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға бағытталған.

      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылатын өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын белгiлеу және орындау;

      2) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін технологияларды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдануға жол беру;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін қауіпті техникалық құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беру;

      4) осы Заңда айқындалған қауіпті өндiрiстiк объектiнiң өнеркәсіптік қауiпсiздiгiн декларациялау;

      5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк бақылау;

      6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы;

      7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау;

      8) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      9) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуі;

      10) ұлттық стандарттарға сәйкес лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды жүргізу;

      11) қауіпті өндірістік объектілерді уақтылы жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру арқылы қамтамасыз етiледi.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ. 

      Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы