Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-1-бап. Әскери міндеттілердің жалпы міндеттері Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

7-1-бап. Әскери міндеттілердің жалпы міндеттері Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-1-бап. Әскери міндеттілердің жалпы міндеттері Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы 

      1. Әскери міндетті: 

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға; 

      2) әскери есепке алу бойынша міндеттерді сақтауға; 

      3) әскери білім мен дағдыларды алу, сақтау және жетілдіру үшін, оның ішінде кезекті әскери атақтар алу үшін әскери жиындардан не әскери міндеттілердің курстық даярлығынан өтуге; 

      4) әскери даярлық кезеңінде тәртіпті, қырағы болуға; 

      5) әскери даярлық кезеңінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге; 

      6) әскери даярлық кезеңінде әскери қызмет мүдделеріне зиян келтіретін жария сөйлеуге жол бермеуге міндетті. 

      2. Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің лауазымдық және арнаулы міндеттері жалпыәскери жарғыларда айқындалады. 

      3. Әскери міндеттілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы. 

           Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы