7-1-бап. Этномәдени бірлестіктер оғамдық бiрлестiктер туралы Заңы
1. Этномәдени бірлестік деп Қазақстан этностарының дәстүрін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту саласындағы азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында қоғамдық бірлестіктің, қоғамдық қордың, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым танылады.
2. Этномәдени бірлестіктің атауында "этномәдени бірлестік" деген сөздер қамтылуға тиіс, оларды этномәдени бірлестіктің атауында ғана пайдалануға жол беріледі.
Этномәдени бірлестіктің толық және қысқартылған атауы және оның нышандары Қазақстан Республикасында тіркелген мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға байланысты таратылған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің атауы мен нышандарын толық немесе елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.
3. Этномәдени бірлестіктер жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастық, этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
4. Этномәдени бірлестіктер өз мақсаттарына жету үшін коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанында құрылатын достық үйлерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау