7-1-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау Нотариат туралы Заңы
1. Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарына өтініш беру арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанында аттестаттаудан өтеді.
2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан өтуден босатылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда үміткер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға қайта өтініш берген кезде аттестаттаудан өтуге міндетті.
3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудың негізгі міндеті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету болып табылады.
4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды және байқау түрінде аттестаттауды өткізудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.
5. Егер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмесе, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам өз таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.
7. Аттестаттау қорытындысы бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамды аттестаттау не аттестаттамау туралы уәжді шешім шығарылады.
Аттестаттау не аттестаттамау туралы уәжді шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
8. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау туралы шешім ол шығарылған уақыттан бастап үш жыл ішінде жарамды болады.
9. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар байқау түрінде аттестаттаудан өтуге құқылы.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы