Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 7-13-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының өкілеттіктері Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

7-13-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының өкілеттіктері Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-13-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының өкілеттіктері Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының өкілеттіктеріне мыналар жатады: 

      1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 

      2) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасын және оны ерте анықтауды үйлестіру, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау; 

      3) тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау саласында балалар мүдделеріне орай Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; 

      4) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасына және оны ерте анықтауға, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған шаралардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру; 

      5) мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру; 

      6) уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, өз құзыреті шегінде отбасыларға және мынадай: 

      орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог-психологтарында және әлеуметтік педагогтерінде тәуекел тобында тұрған балаларға, оның ішінде зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау туралы хабарлаған, суицидтік ниеті, суицид жасауға әрекет ету фактілері бар кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ педагогикалық қолдап отыру шеңберінде баса назар аударуды талап ететін балаларға; 

      отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтары қолдап отырған; 

      кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралған; 

      баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда құқықтарының бұзылуына байланысты (оның ішінде зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау салдарынан) бұрын болған; 

      тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтар анықтаған; 

      кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары, заңды өкілдері бар балаларға көмек ұйымдастыру және жеке профилактика шараларын қолдану; 

      7) осы тармақтың 6) тармақшасында аталған балаларға алты айда кемінде бір рет ұдайы бару және олардың жағдайын бағалау; 

      8) қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттағы, баланы қабылдайтын отбасылардағы, баланы қабылдайтын кәсіби отбасылардағы балалардың жай-күйін бағалау және оларға қажетті көмек көрсету мақсатында ұдайы бару арқылы алты айда кемінде бір рет балалардың жағдайын мониторингтеу және бағалау; 

      9) кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде балаға көмек көрсетуді және оны қолдап отыруды ұйымдастырудың жеке жоспарын құру; 

      10) кәмелетке толмағандар болатын білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына кедергісіз бару; 

      11) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы және оны ерте анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпарат сұрату; 

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 

     

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы