Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 7-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды шағын көлемді кемелер үшін қолдану тәртібі Iшкi су көлiгi туралы Заңы

7-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды шағын көлемді кемелер үшін қолдану тәртібі Iшкi су көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды шағын көлемді кемелер үшін қолдану тәртібі Iшкi су көлiгi туралы Заңы

      1. Егер бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндірсе, азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының қызметкерлері, әскери қызметшілері жедел ден қою шараларын қолданады.

      2. Жедел ден қою шаралары – осы бапта түрлері көзделген, бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы қарап тексеруді (тексеруді), профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер ету тәсілдері.

      3. Шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын (пайдаланылуын) тоқтата тұру және оған тыйым салу жедел ден қою шараларына жатады.

      4. Осы Заңның 17-4-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып саналатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болады.

      5. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.

      Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.

      6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және қадағалау актісін

      қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүргізіледі.

      Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен жіберіледі.

      7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болмайды.

      8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде және (немесе) шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.

      9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.

      10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзылушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болатын, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) жүргізіледі.

      Қадағалау актісінің қолданысы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.

      11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптардың анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады.

      12. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) жүргізіледі.

      13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.

      Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.

      Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға мыналар негіз болады:

      1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

      2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.

      15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. 

         Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау