Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 7-4-бап. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы  Киберқауіпсіздік туралы Заңы

7-4-бап. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы  Киберқауіпсіздік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

         7-4-бап. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы  Киберқауіпсіздік туралы Заңы 

      1. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы: 

      1) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді мониторингтеу жүйесі арқылы "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады; 

      2) мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асырады; 

      3) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінде киберқауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастырады; 

      4) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады; 

      5) мемлекеттік органдардың цифрлық объектілері бойынша киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 

      6) "цифрлық үкімет" операторымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін "цифрлық үкімет" платформасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету регламентіне сәйкес "цифрлық үкімет" платформасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; 

      7) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді. 

      2. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы