Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 7-5-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы Киберқауіпсіздік туралы Заңы

7-5-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы Киберқауіпсіздік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

      7-5-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы Киберқауіпсіздік туралы Заңы 

      1. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы: 

      1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына қосылған цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік қатерлерін анықтау, бағалау, болжау, оқшаулау, бейтараптандыру және олардың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асырады; 

      2) киберқауіпсіздік қатерлерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды, цифрлық объектінің меншік иесін және (немесе) иегерін, сондай-ақ Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен қатерлерінің анықталу фактілері туралы дереу хабардар етеді; 

      3) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілеріне жатпайтын аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады; 

      4) киберқауіпсіздіктің салалық орталығымен, Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа да орталықтарымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына қосылған цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады; 

      5) киберқауіпсіздік оқиғалары мен оның оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады; 

      6) аса маңызды цифрлық объектілердің иелеріне және (немесе) иегерлеріне цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде киберқауіпсіздік қатерлері, бағдарламалық қамтылымның, құрылғылар мен технологиялардың осалдығы, киберқауіпсіздік қатерлерін іске асыру тәсілдері, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді; 

      7)  киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде белгілі болған, таралуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;  

      8) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы үшін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына қосылған "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінің оқиғаларын тіркеу журналдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді; 

      9) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасаудың меншікті бағдарламасын жасауға немесе киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын пайдалану қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан сатып алуға құқылы; 

      10) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 

      11) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді; 

      12) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімімен "цифрлық үкіметтің" веб-порталында дербес деректер субъектілерін жеке кабинет арқылы хабардар ету мақсатында қауіпсіздігі бұзылған дербес деректерді өңдеуге құқылы; 

      13) деректерді өңдеу орталықтарына ұлттық техникалық аудит жүргізеді; 

      14) өзінің цифрлық объектілерінде цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 

      15) киберқауіпсіздік аудитін жүргізеді; 

      16) цифрлық объектілердің, оның ішінде дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыратын цифрлық объектілердің киберқауіпсіздіктің цифрлық оқиғаларына мониторинг пен журналға енгізуді жүргізеді. 

      2. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы өз қызметін ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады. 

      3. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

      4. Осы баптың 2-тармағының талабы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының функцияларын олардың құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы