Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 7-8-бап. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына   ден қою қызметі Киберқауіпсіздік туралы Заңы

7-8-бап. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына   ден қою қызметі Киберқауіпсіздік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

     7-8-бап. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына   ден қою қызметі Киберқауіпсіздік туралы Заңы 

      1. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі: 

      1) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және киберқауіпсіздіктің өзекті қатерлері туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсынымдар береді; 

      2) киберқауіпсіздік қатерлеріне қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдар әзірлейді; 

      3) цифрлық объектілердің меншік иелері мен иегерлерін, сондай-ақ Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын белгілі болған киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен қатерлері туралы хабардар етеді; 

      4) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасаудың меншікті бағдарламасын жасауға немесе киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын пайдалану қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан сатып алуға құқылы; 

      5) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді; 

      6) өзінің цифрлық объектілерінде цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. 

      2. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі өз қызметін ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады. 

      3. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің жұмыскерлері өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

      4. Осы баптың 2-тармағының талабы киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің функцияларын олардың құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы