7-бап. Банктің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Банк Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, акционерлік қоғам нысанында құрылады.
2. Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) банк ретінде уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты немесе уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсаты негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркелуімен (қайта тіркелуімен) және банк лицензиясының болуымен айқындалады.
3. Банктің атауы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) "банк" деген сөздің немесе содан туындайтын сөздің болуы;
2) кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде "ұлттық", "орталық", "мемлекеттік", "республикалық" деген сөздер пайдаланылмауы;
3) еншілес банктердің атауын қоспағанда, бұрын құрылған банктердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің атауымен бірдей немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас сөздер және (немесе) белгілемелердің пайдаланылмауы;
4) бас банктің атауының болуы (еншілес банктің атауы үшін);
5) "ислам банкі" деген сөз тіркесінің болуы (ислам банкінің атауы үшін).
4. Банк басқармасы тұрған жер (пошталық мекенжайы) банк тұрған жер деп танылады.
5. Ислам банкінің жарғысында және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктің жарғысында "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мәліметтерден басқа, банктің тұрақты жұмыс істейтін органы – исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес функцияларының сипаттамасы мен оны құру тәртібі қамтылуға тиіс.
6. Банктің атауы және (немесе) оның орналасқан жері өзгерген жағдайда банк осындай өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен немесе оларды мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін жағдайларда осындай өзгерістер туралы Мемлекеттік корпорацияны хабардар еткен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға осындай өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
7. Таратылатын банк қызметін тоқтату Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік тіркелген күннен бастап банктің ресми мәртебесін жоғалтады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы Заңымен.
7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының резиденттері - мемлекетаралық банкілер қабылдаған депозиттердің сақталуына кепілдік береді және олардың міндеттемелері бойынша осындай банкілердің (немесе олар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның) жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне тепе-тең мөлшерде жауап береді.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы