Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Бұзушылықтар сыныптауышы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

7-бап. Бұзушылықтар сыныптауышы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Бұзушылықтар сыныптауышы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы 

      1. Анықталған бұзушылықтарды сыныптау, сондай-ақ оларды жою нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру кезінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бұзушылықтар сыныптауышын қолданады.

      Бұзушылықтар сыныптауышын республикалық Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.

      2. Бұзушылықтар сыныптауышы мыналарды да қамтиды: 

      1) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды негізсіз және (немесе) мақсатсыз пайдалануға әкеп соққан қаржылық бұзушылықтар;

      2) бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың негізсіз пайдаланылуына әкеп соқпаған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

      3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджет өтелуге, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды беру және (немесе) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы және (немесе) сот шешімі негізінде есепке алу бойынша көрсету және (немесе) қаржыландыру жоспарын азайту жолымен қалпына келтірілуге жатады.

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы