7-бап. Ішкі істер органдары жүйесі Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы
1. Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құрайды.
2. Полицияны криминалдық полиция, әкiмшiлiк полициясы, тергеу, анықтау бөлімшелері және өзге де бөлімшелер құрайды.
Криминалдық полиция ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерден, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
Әкімшілік полиция учаскелік полиция инспекторларының бөлімшелерінен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, патрульдік полициядан, табиғатты қорғау полициясынан және құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау бөлімшелерінен, көші-қон полициясынан, айдауылдау қызметінен, арнаулы мекемелерден және қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
3. Ішкi iстер органдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі), ведомстволардан, аумақтық полиция органдарынан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттері, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдары болып табылады.
4. Қылмыстық-атқару жүйесін ведомство, оның аумақтық органдары, пробация қызметі және жазаларды орындайтын мекемелер, өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.
5. Ұлттық ұланның құрамы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
5-1. Алып тасталды – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарды, аумақтық органдарды және Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Ішкі істер министрі) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы