7-бап. Мемлекеттік органдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы
1. Уәкілетті орган радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өз құзыреті шегінде:
1) стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылап-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) осы Заңда белгіленген негізгі мақсатқа, міндеттер мен қағидаттарға сәйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді, нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
4) ұлттық операторды айқындайды және ол туралы ережені бекітеді;
5) ұлттық оператордың қызметін қаржыландыру тәртібін, тетігі мен көздерін айқындайды;
6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
көму пункттерін орналастыру ауданы және оларды салу;
тарихи радиоактивті қалдықтарды сақтау пунктін көму пунктіне ауыстыру;
көму пункттерін мерзімінен бұрын жабу немесе жабу туралы ұсыныстар енгізеді;
8) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
9) қолайлылық өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
10) радиоактивті қалдықтарды есепке алу мен бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) қалдық қоймаларын, сақтау пункттерін немесе көму пункттерін орналастыру, салу, пайдалану, пайдаланудан шығару немесе жабу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
12) жинау, тасымалдау, сақтау және көму қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) сақтау пункттерінің және көму пункттерінің қауіпсіздігін талдау жөніндегі есептерді дайындау мен ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды қоса алғанда, радиоактивті қалдықтарды және олармен жұмыс істеу объектілерін физикалық тұрғыдан қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) радиоактивті қалдықтарды көмуге беру қағидалары мен көму қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;
17) жабылған көму пункттерін мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
19) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің кадастрын жүргізеді;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың персоналын аттестаттаудан өткізеді;
21) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптау мен экологиялық бағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;
2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілеріне қатысты экологиялық рұқсаттар береді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы санитариялық қағидалар талаптарының, гигиеналық нормативтердің сақталуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау