7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Ойын бизнесі туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін мөлшерлемелерден аударымдардың мөлшерін белгілейді;
3) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға ұстап қалатын аударымдарды дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберу пропорциясын айқындайды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы