7-бап. Сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы Заңы
1. Әлеуетті өнім беруші, егер:
1) әлеуетті өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (бірлесіп орындаушысы) не консорциумға қатысушы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) Қордың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесінде және (немесе) өздеріне қатысты банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген борышкерлер тізімінде тұрса;
2) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) және (немесе) олардың басшысы және (немесе) құрылтайшылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген болса;
3) әлеуетті өнім беруші тіркелген жері салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болатын заңды тұлға болып табылса, өткізілетін сатып алуға қатысуға құқылы емес.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген әлеуетті өнім берушілермен шарт жасасуға жол берілмейді.
3. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасының тендер, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы