7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Аудиторлық қызмет туралы Заңы
Уәкілетті орган:
1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді;
1-2) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
1-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексерілуге жататын мәселелер тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды келіседі;
1-4) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
3) кәсiби ұйымдарды аккредиттейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және оларды бекітеді;
5) аудиторлық қызметтi лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;
6) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және оны тоқтату туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялайды;
7) алып тасталды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) Бiлiктiлiк комиссиясы қызметiн қалыптастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;
9) аудит стандарттарын тарату үшiн жағдай жасалуын қамтамасыз етедi;
9-1) кәсіби кеңес басқармасының құрамына өкілін жібереді;
9-2) алып тасталды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 9-3) алып тасталды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 10) алынып тасталды - 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 11) алынып тасталды - 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 12) алынып тасталды - 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
13) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысанын және оны ұсыну кезеңдiлiгiн әзірлейді және бекітеді;
14) алынып тасталды - 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
14-1) аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;
16) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін айқындайды;
18-2) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік және өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін, сондай-ақ аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындайды;
18-3) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, аудит мiндеттi болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы