74-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын алудың ерекше шарттары Жол жүрісі туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығы ұлттық жүргізуші куәлігінің немесе әскери қызметшінің жүргізуші куәлігінің болуымен расталады.
2. Әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ әскери қызметшілер үшін жасына және еңбек өтілі мен көлік құралдарын басқару өтілінің болуына қойылатын талаптар әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында айқындалады.
3. Әскери қызметшінің жүргізуші куәлігі әскери қызметшінің әскери қызметті өткеру кезеңіне жарамды деп саналады.
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарының ерекшеліктері ескеріле отырып, әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына сәйкес көлік құралдарының қосымша санаттары енгізілуі мүмкін.
5. Осы Заңның 74-бабының 2-тармағында белгіленген жасқа толған және көлік құралдарын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдар әскери қызметшінің жүргізуші куәлігі болған кезде көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында даярлықтан өтпей, тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы