Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 79-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

79-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

79-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Уәкілетті орган банктің, банк конгломератының және (немесе) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар банктің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығына едәуір әсер етпейтін, олардың қаржылық жағдайына және (немесе) банктің депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады. 

      2. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары мыналарды қамтиды: 

      1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы ақпаратты банктің, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымның, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің жекелеген органдарына жеткізу арқылы (уәкілетті орган айқындайтын қажеттілік жағдайында) хабардар ету; 

      2) уәкілетті органның анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарын беру; 

      3) уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану мүмкіндігі туралы ескерту. 

      3. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы уәкілетті органның хатымен ресімделеді. 

      4. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы