8-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыреті Байланыс туралы Заңы
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
2) байланыс желілерінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары анықталған кезде байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру тәртібінің қағидаларын бекіту;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы