8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздері Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы
1. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
2. Осы Заңда көзделген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның активтерін инвестициялау тәртібін айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз қызметін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарды келіседі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жөнінде жүргізілетін іс-шаралар туралы бір-біріне хабарлайды.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы.
Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы