Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 8-6-бап. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

8-6-бап. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-6-бап. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы 

      1. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеруді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан) және кеме жүргізушінің Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізеді. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін. 

       Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру кеме пайдаланылатын аудан мұздан тазартылғаннан кейін жүргізіледі.  

      Шағын көлемді кемелерді бақылау мақсатында қарап-тексеру кемені пайдалану кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі. 

      2. Шағын көлемді кемелердi қарап-тексеру кезiнде: 

      1) кеме билеті; 

      2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік; 

      3) техникалық куәландырудан өткендігі; 

      4) шағын көлемді кемеде жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларының, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердiң дұрыс орналастырылуының сақталуы; 

      5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы; 

      6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы; 

      7) орналасқан орнына қарамастан, кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы; 

      8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі; 

      9) отын ағуының, дірілдің, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдалуының болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамдылығы; 

      10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі; 

      11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы және сәйкестігі; 

      12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы; 

      13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы; 

      14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі тексеруге жатады. 

Шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі осы баптың 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.

      Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде қадағалау актісі ресімделеді. 

     Шағын көлемді кемені қарап тексеруді жүргізген, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығы үшін жауапты болады.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кеме иесінде, екінші данасы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.

      3. Жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына төнген қатер болған кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын (оларды пайдалануды) тоқтата тұру және оған тыйым салу осы бапта көзделген жедел ден қою шараларына жатады. 

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, осы бапқа сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады. 

      5. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде шағын көлемді кемені қарап-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша қадағалау актісін ресімдейді. 

       Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі. 

      6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады және қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады. 

      Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі. 

      7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды. 

      8. Шағын көлемді кемені қарап-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінде, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі. 

      9. Бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті. 

      10. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру жүргізіледі. 

       Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданылуы тоқтатылады. 

      11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады. 

      12. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру жүргізіледі. 

      13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады. 

      Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған лауазымды адамға, мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі. 

      Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды. 

      14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады: 

      1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы; 

      2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану; 

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы. 

      15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы. 

       Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы