⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Астананың, республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктері Агломерацияларды дамыту туралы Заңы

8-бап. Астананың, республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктері Агломерацияларды дамыту туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 8-бап. Астананың, республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктері Агломерацияларды дамыту туралы Заңы 

      1. Астананың, республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың жергілікті атқарушы органдары: 

      1) агломерацияға кіретін елді мекендердің жергілікті маңызы бар мәселелерін бірлесіп шешуге қатысады; 

      2) астана немесе республикалық маңызы бар қала мен елді мекендері агломерацияға кіретін облыс арасындағы агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді дайындауға және оған қол қоюға қатысады; 

      3) жергілікті агломерация кеңесін құруға және оның қызметіне қатысады; 

      4) елді мекендері агломерацияға кіретін аудандардың жергілікті атқарушы органдарына агломерацияны дамыту мәселелерін шешуде жәрдем көрсетеді; 

      5) агломерацияның бәсекелестік мүмкіндіктерін арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды; 

      6) агломерацияны дамытудың кешенді жоспарына қосу үшін жергілікті агломерация кеңесінің хатшылығына ұсыныстар жібереді; 

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады. 

      2. Астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген өкілеттіктермен қатар өз құзыреті шегінде: 

      1) астананың және республикалық маңызы бар қаланың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, астананың және республикалық маңызы бар қаланың қала маңындағы аймағына жатқызылған аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру бойынша субъектілердің қызметін үйлестіреді; 

      2) астананың, республикалық маңызы бар қаланың және олардың қала маңындағы аймақтарының бас жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастырады; 

      3) астананың, республикалық маңызы бар қаланың және олардың қала маңындағы аймақтарының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің жобаларын (мемлекеттік нормативтік құжаттарды) келіседі. 

      3. Елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың жергілікті атқарушы органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген өкілеттіктермен қатар өз құзыреті шегінде агломерация брендін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауды және астана немесе республикалық маңызы бар қала әкімдігінің қарауына енгізуді және осы іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 1 қаңтардағы № 181-VII ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында агломерацияларды қалыптастыру, дамыту және олардың жұмыс істеуі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. 

[Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы