8-бап. Банктің жарғылық және меншікті капиталы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Банктің жарғылық капиталы осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды орналастыру есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қалыптастырылады.
2. Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, базалық банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Жаңадан құрылған банктiң жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары банк мемлекеттік тiркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде толық төлеуге тиiс.
3. Мынадай жағдайларды қоспағанда, банк акциялары оларды орналастыру кезінде ақшамен ғана төленуге тиіс:
1) банкке реттеу режимін қолдану шеңберінде банктің міндеттемелерін осындай банктің жай акцияларына конвертациялау;
2) банктің акцияларына конвертацияланған эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына конвертациялау;
3) банктің жарғысы және банк акциялары шығарылымының проспектісі негізінде банктің орналастырылған акцияларының бір түрін осы банк акцияларының басқа түріне конвертациялау;
4) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банк акцияларының ақысын төлеу;
5) микроқаржы ұйымы айналдыруға өтініш бергенге дейін микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырылу.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда акциялардың ақысын төлеу үшін пайдаланылатын мүлікті бағалауды жүргізу талап етілмейді.
4. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын банктің ең төмен меншікті капиталы банк лицензиясын алуға арналған өтініш берілген күні осы Заңның 72-бабы 1-тармағы екінші бөлігі 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы