8-бап. Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органның құзыреті Кәсіптік біліктілік туралы Заңы
Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган:
1) Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіптік біліктілікті тану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
1-1) стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
2) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның қызметін үйлестіреді;
3) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3-1) кәсіптік стандарттарды әзірлеудің құнын есептеу әдістемесін әзірлеп, бекітеді;
3-2) еңбек нарығының қажеттіліктерін болжау, өңірде кәсіптік стандарттарды ендіру және қолдану, сондай-ақ тану орталықтарын құру және олардың жұмыс істеуін қолдау мәселелері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 14-VIII ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 334-VIII ҚРЗ.
Осы Заң Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы