Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 8-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

8-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы 

      1. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі, егер:

      1) судья денсаулық жағдайы бойынша қатарынан күнтізбелік алпыс күннен астам уақыт өз міндеттерін орындауға уақытша жарамсыз болған;

      2) заңда белгіленген тәртіппен оны ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім берілген;

      3) хабарсыз кетудің басталғаны туралы расталған деректер болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасының Президенті – Конституциялық Сот Төрағасының, ал Конституциялық Соттың Төрағасы Конституциялық Соттың өзге де судьяларының өкілеттігін тоқтата тұруды немесе қайта бастауды жүзеге асырады. Өкілеттіктерді тоқтата тұру туралы шешім өкілеттіктерді тоқтата тұруға негіздер анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қабылданады.

      3. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі оны тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      4. Өкілеттігі тоқтатыла тұрған Конституциялық Сот судьясы Конституциялық Соттың отырыстарына қатысуға және Конституциялық Сот судьясының өзге де міндеттерін орындауға құқылы емес.

      Кворумды айқындау кезінде өкілеттіктері тоқтатыла тұрған судьялар есепке алынбайды.

      5. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру оны осы Конституциялық заңда белгіленген кепілдіктерінен айырмайды. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы