8-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Республикалық мүлікті басқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 2-тарауында және осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өздерінің құзыреті шеңберінде республикалық мүлікке Қазақстан Республикасының құқықтарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
2. Коммуналдық мүлікті басқару кезінде жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын осы Заңның 2-тарауында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының коммуналдық мүлікке өздерінің құқықтарын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің коммуналдық мүлікке қатысты құзыреті осы Заңның 11-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалады.
3. Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуын тексеруді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мүлік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілуі мүмкін.
5. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың және мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) болуы мүмкін.
Мемлекеттің өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, мүшесі) болуына жол берілмейді.
6. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс) коммерциялық емес ұйым болып табылатын мемлекеттік қордың құрылтайшысы болуы мүмкін. Мемлекеттік қорды, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы басқа да коммерциялық емес ұйымдарды құру және олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы