8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті Масс-медиа туралы Заңы
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы тұрғын үй кешендерінде дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кәбілдік коммуникацияларды орналастыру жөніндегі талаптарды белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
3) уәкілетті орган бекітетін, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі негізінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы бар қоғамдық көлікте мемлекеттік теле-, радиоарналардың өнімін және (немесе) эфирін трансляциялауға құқылы;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы