Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 82-бап. Банкке, банк холдингіне және банк конгломератына кіретін ұйымдарға аудит Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

82-бап. Банкке, банк холдингіне және банк конгломератына кіретін ұйымдарға аудит Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

82-бап. Банкке, банк холдингіне және банк конгломератына кіретін ұйымдарға аудит Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банкке аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді. 

      2. Қаржы жылының қорытындысы бойынша аудит жүргізу банктер (операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған немесе ерікті немесе мәжбүрлеп тарату процесіндегі банкті қоспағанда), банк ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, банк холдингтері үшін міндетті болып табылады. 

      Банктің және банк холдингінің жекелеген және шоғырландырылған (банктің еншілес ұйымдары болған жағдайда) жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс. 

      Банкке және оның банк холдингіне аудитті сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Банк ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына аудитті сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. 

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ немесе орыс тілінде ұсынады. 

      4. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргізіледі: 

      жүзеге асырылған банк қызметінің есепке алуда және есептілікте дер кезінде, толық және дәлме-дәл көрсетілуі; 

      жүзеге асырылған банк қызметінің осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігі; 

      жүзеге асырылған банк қызметінің банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттарына сәйкестігі, сондай-ақ банк қызметін жүзеге асыру тәртібінің банктің өзге де ішкі құжаттарына сәйкестігі. 

      5. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломераты құрамына кіретін басқа ұйымға ұсынылатын есепте баяндайды. 

      Банктің немесе банк конгломераты құрамына кіретін басқа ұйымдардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. 

      6. Банк, банк холдингі, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық есепте және (немесе) аудиторлық ұйымның ұсынымдарында көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйіне әсер ететін кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін: 

      банкке қатысты – осы Заңның 80-бабында көзделген қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды; 

      банк холдингіне, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның 81-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. 

      7. Банктердің, банк холдингтерінің және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдардың активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы. 

      8. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қаржылық есептілігінің аудиторлық есебінің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды қазақ немесе орыс тілінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті. 

      9. Уәкілетті орган банк қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде даму стратегиясы мен бизнес-модельге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі – өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексерілуге жататын мәселелер тізбесін, аудит жүргізілетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны ұсыну мерзімін көрсете отырып талап етуге құқылы. 

      Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу банктер үшін міндетті. 

      Осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, банк өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі. 

      Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

      Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған, өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады. 

      Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды. 

      Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін. 

      10. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін банк, банк ірі қатысушысы болып табылатын ұйым, банк холдингі аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсіби ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады. 

      Банк, банк ірі қатысушысы болып табылатын ұйым, банк холдингі аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында банк уәкілетті орган алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы. 

      Банктің өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды. 

      Өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне қойылатын осы бапта белгіленген талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады. 

      Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсіндірмелерді, сондай-ақ банк құпиясын және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, банктің, банк ірі қатысушысы болып табылатын ұйымның, банк холдингінің қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге ақпаратты беруге құқылы. 

      Аудиторлық ұйым осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдаудың нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікірлер мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады. 

      11. Сот өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, банк, банк холдингі, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті. 

      12. Уәкілетті орган банкке аудит және (немесе) өзге ақпарат аудитін жүргізген аудиторлық ұйымнан коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісуімен беріледі.  

      13. Осы баптың 9, 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген ережелер Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.   

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы