Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 83-бап. Банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

83-бап. Банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

83-бап. Банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Уәкілетті орган мынадай негіздердің кез келгені: 

      1) банк лицензиясын беруге негіз болған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; 

      2) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметі процесінде осы Заңның 19-бабы 3, 4, 5 және (немесе) 20-тармақтары талаптарының сақталмауы; 

      3) уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзылуы не уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындалмауы; 

      4) осы Заңның 52-бабының 4-тармағында белгіленген банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды ашып көрсету жөніндегі талаптардың сақталмауы; 

      5) банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға осы Заңның 50-бабында белгіленген тыйым салудың бұзылуы; 

      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеуі; 

      7) осы Заңда және (немесе) банк жарғысында, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы туралы ережеде және (немесе) банк лицензиясында белгіленген құқық қабілеті шегінен шығатын банк қызметін жүзеге асыру; 

      8) осы Заңда көзделмеген инвестициялық немесе өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; 

      9) қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы банк лицензиясына сәйкес қызметті жүзеге асырмау; 

      10) соттың банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы; 

      11) банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 81-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамауы; 

      12) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын операциялардың түрлеріне мәні бойынша ұқсас операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі лицензиясының (рұқсатының) қолданысын тоқтата тұруы не одан айыруы; 

      13) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       14) тармақша 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 135-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен.  

       14) осы Заңның 99-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда; 

      15) осы Заңның 6-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталмауы бойынша, бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы. 

      2. Осы баптың мақсаттары үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия да және (немесе) аталған лицензияға қосымша да банк лицензиясы деп түсініледі. 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай негіздердің кез келгені:  

      1) банк лицензиясын беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігінің анықталуы; 

      2) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның және қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметі процесінде осы Заңның 45-бабы және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабы талаптарының сақталмауы; 

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзылуы не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шаралардың жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындалмауы; 

      4) қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның банк лицензиясына сәйкес қызметті қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы жүзеге асырмауы; 

      5) қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыру және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; 

      6) қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан бақылау мен қадағалау жүргізуге кедергі келтіруі бойынша, бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның және қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы. 

      3. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы (ислам банкін, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалын қоспағанда) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясынан айырылады. 

      4. Операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясының қолданысын тоқтатудың немесе одан айырудың орындылығын айқындаған кезде мыналар ескеріледі: 

      1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарының сипаты; 

      2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарының ауқымы мен айтарлықтай болуы; 

      3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы; 

      4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жай-күйге тигізетін әсері; 

      5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер; 

      6) банктің қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       7) тармақша 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 135-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен.  

      7) банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігі. 

      5. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім оны уәкілетті орган қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензияның қолданысы осындай шешім банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі. 

      6. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында олардың құзыреті шегінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады. 

      7. Уәкілетті органның банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешіміне банк атынан оның акционерлері ғана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. 

      Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған банк, осы Заңның 84-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктік қызметті және (немесе) өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. 

      8. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі ғана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. 

      Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, осы Заңның 84-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында банктік қызметті және (немесе) өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. 

      9. Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясының қолданысын тоқтату банкке ерікті түрде таратылуына рұқсат, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына қызметін ерікті түрде тоқтатуына рұқсат берілген кезде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. 

      10. Осы баптың 1-тармағының банктерге қолданылатын ережелері банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды және қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.  

      Осы баптың 3, 5, 6, 7 және 9-тармақтарында көзделген ережелері банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын барлық ұйымдарға қолданылады. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       84-бап 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 135-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен.   

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы