Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 84-бап. Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырудың салдары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

84-бап. Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырудың салдары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

84-бап. Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырудың салдары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған күннен бастап: 

      1) мыналарға: 

      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға; 

      банктің пайдасына келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға; 

      банктік шоттары жабылған тұлғалардың пайдасына келіп түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате көрсетулер бойынша келіп түскен және түсетін ақшаны қайтаруға; 

      банкті банк лицензиясынан айырғаннан кейін банкке келіп түсетін ақша аударымы бойынша нұсқауларды беретін тұлғаның және пайдасына аударым жүзеге асырылатын тұлғаның банк алдындағы берешегі болмаған немесе аталған тұлғалар банк алдындағы берешегін өтеген кезде осындай нұсқауларды орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады; 

      2) құрылтайшылар (қатысушылар), банктің органдары банк мүлкіне билік етуге құқылы болмайды; 

      3) банктің басшы қызметкерлері, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен еңбек міндеттерін атқарудан шеттетілуге, жұмыстан босатылуға немесе олардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуға тиіс; 

      4) банкті ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың банкке қоятын талаптары тарату ісі жүргізілгенде ғана қойылуы мүмкін; 

      5) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша банктің банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ банк мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді; 

      6) банк акционерлеріне өздеріне тиесілі банк акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады; 

      7) банкке қатысты қабылданған сот шешімдерінің орындалуы тоқтатыла тұрады; 

      8) банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлдарды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды; 

      9) клирингтік қатысушы болып табылатын банктің сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалануы есебінен орындайды; 

      10) банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілікті қоспағанда, банк атынан және есебінен оның акционерлері, банк органдары, банктің басшы қызметкерлері немесе өзге де тұлғалар жасаған барлық мәміле жарамсыз деп танылады. 

      2. Уәкілетті орган банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін банкте уақытша әкімшілікті тағайындайды. 

      Банктің бұрын әрекет еткен органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады. 

      Уәкілетті орган банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін оның қызметкерлері және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері және (немесе) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген ең төмен талаптарға сәйкес келетін өзге де адамдар қатарынан уақытша әкімшілікті тағайындайды. 

      3. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік:  

      1) банк қызметінің барлық мәселесі бойынша өз бетінше шешім қабылдауға; 

      2) банк атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға, банк атынан және оның мүддесі үшін талап қою талаптарын ұсынуға; 

      3) банк қызметкерлерін жұмыстан шығару, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша шеттету, олардың міндеттерін айқындау туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға;  

      4) құқықты (талапты) басқаға беру шартынан банкке қатысты туындаған талаптарды есепке жатқызуды қоспағанда, қарсы біртекті талаптарды есепке жатқызуды жүргізуге;  

      5) банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы. 

      4. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік: 

      1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларды жүзеге асыруға; 

      2) тараптардың келісуі бойынша банктің қаржылық жағдайын нашарлатпайтын өзгерістер енгізуді қоспағанда, банк бұрын жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес. 

      5. Уәкілетті орган банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді. 

      6. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік банк лицензиясынан айырылған күнге дейінгі үш жыл ішінде банк жасаған мәмілелер бойынша, оның ішінде кредиторлардың өтінішхаты бойынша, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) осы Заңның 122-бабының 2-тармағында көзделген мәмілелердің жарамсыздық негіздері болған кезде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. 

      Мәмілелерді жарамсыз деп тануға осы Заңның 122-бабының 3, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылады. 

      7. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілікті тағайындау мен оның қызметінің тәртібі, сондай-ақ банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің уәкілетті органға есептілік пен өзге ақпаратты ұсыну тізбесі, нысандары, мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 

      Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметіне байланысты шығыстар банк лицензиясынан айырылған банктің ақшасы және (немесе) өзге мүлкі есебінен өтеледі.  

      8. Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік осы бапқа сәйкес банктің тарату комиссиясын уәкілетті орган тағайындағанға дейінгі кезеңде өз қызметін жүзеге асырады. 

      Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде өз өкілеттігін доғарады және банктің құжаттары мен мүлкін банктің тарату комиссиясының төрағасына береді.  

      Банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясының төрағасына банктің құжаттары мен мүлкін қабылдау-беру төрт данадан жасалатын актімен ресімделеді, оның бір данасы уәкілетті органға, екіншісі – банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі. 

      9. Осы Заңның 103-бабының ережелері уәкілетті органның банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін қолданылады. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       6-бөлім 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 135-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен.   

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы