Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 86-бап. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

86-бап. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

86-бап. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдарға мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қаржы құралдары жатады:  

      1) құрал толығымен төленген;  

      2) құрал қамтамасыз етілмеген; 

      3) құралдың қолданыс мерзімі кемінде бір жылды құрайды не құрал мерзімсіз (өтеу күні белгіленбеген) болып табылады; 

      4) құрал бойынша міндеттемелер мерзімінен бұрын орындалуға (мерзімінен бұрын өтелуге), оның ішінде осы құрал бойынша кредиторлардың талабы бойынша орындалуға жатпайды; 

      5) құрал бойынша міндеттемелер, егер бұл құралдың реттеу режимінде залалдарды қамту (жабу) қабілеттігіне кедергі келтірсе, қарсы құқықтарды (талаптарды) есепке жатқызу арқылы тоқтатылуға жатпайды.  

      2. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар: 

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның еншілес ұйымдарының;  

      2) осы құралдарды шығарған банктің;  

      3) банктің еншілес ұйымдары немесе банктің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымдардың қаражаты есебінен төленбейді (сатып алынбайды). 

      3. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдардың құрамына мыналар жатпайды: 

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын депозиттер;  

      2) талап еткенге дейінгі депозиттер және қайтаруға дейін мерзімі бір жылдан кем депозиттер; 

      3) туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелер; 

      4) туынды қаржы құралдарының сипаттамалары бар борыштық құралдар, оның ішінде құрылымдалған борыштық құралдар; 

      5) шарттан тыс қатынастардан туындайтын міндеттемелер, оның ішінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер; 

      6) талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 123-бабында белгіленген сегізінші кезектегі кредиторларды қанағаттандыру алдында жүзеге асырылатын міндеттемелер; 

      7) осы Заңның 96-бабының 4-тармағына сәйкес мәжбүрлеп қайта құрылымдауға жатпайтын міндеттемелер;  

      8) реттеу режимінде мерзімінен бұрын тоқтатылмайтын және (немесе) банктің жай акцияларына конвертацияланбайтын өзге де міндеттемелер. 

      4. Жүйелік маңызы бар банктің осы Заңның 92-бабының 1-тармағында белгіленген реттеу мақсаттарына сәйкес осы Заңның 93-бабында көзделген реттеу құралдарын қолдану мақсаттары үшін уәкілетті орган белгілеген залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдардың ең төмен деңгейі болуға міндетті. 

      Жүйелік маңызы бар банктер үшін залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдардың ең төмен деңгейі, сондай-ақ осындай құралдардың тізбесі мен оларға қойылатын негізгі талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы