Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомствосының құзыреті

9-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомствосының құзыреті

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомствосының құзыреті

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:

      1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      2) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

      3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;

      6) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, осы шараны қолдану мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды.

      Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;

      7) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      8) Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;

      9) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтардың және басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;

      10) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      11) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      12) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

      13) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      14) ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлеп, бекітеді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;

      15) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;

      16) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін пайдалануға рұқсаттар береді;

      17) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) пайдаланушылардың қызметін тексереді;

      18) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      19) балықтардың қырылуына сөзсіз алып келетін қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;

      20) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды (балықтар мен басқа да су жануарларын) қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      21) су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      22) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      23) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      24) балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25) балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      27) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттарды беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      28) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;

      29) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      30) балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      31) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      32) жергілікті атқарушы органдарға балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      33) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      34) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;

      35) эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      36) балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      37) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      38) Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;

      39) балық шаруашылығын жүргізуге шарттар жасайды;

      40) балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат береді;

      41) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру және (немесе) бекітіп беру мерзімдерін ұзарту жөнінде шешімдер қабылдайды;

      42) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;

      43) су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлеп, бекітеді және оларды орнатуды келіседі;

      44) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы