9-1-бап. Жергілікті атқарушы органдардың кәсіптік біліктілікті тану саласындағы құзыреті Кәсіптік біліктілік туралы Заңы
Жергілікті атқарушы органдар кәсіптік біліктілікті тану саласында:
1) Біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына сәйкес тіркелген жұмыссыз адамдардың кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге арналған шығыстарын өтеп бере отырып, оларға біржолғы ваучер береді;
2) салалық мемлекеттік органдарға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңартып отыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 14-VIII ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 334-VIII ҚРЗ.
Осы Заң Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы