9-2-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының құзыреті Iшкi су көлiгi туралы Заңы
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының құзыретіне мыналар жатады:
1) шағын көлемді кемелердің қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігі тұрғысынан оларды қарап тексеру;
2) қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін шағын көлемді кемелерді ұстау;
3) адамдардың қауіпсіздігіне, өмірі мен денсаулығына қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;
4) шағын көлемді кемелердің, жеке және заңды тұлғалардың ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;
5) шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару;
6) уәкілетті органды шағын көлемді кемемен болған көлік оқиғасы туралы құлақтандыру, шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпарат пен дәлелдемелер жинау;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы.
Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы