9-2-бап. Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру туралы шарт бойынша ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алудың туындағаны туралы мерзімін өткізіп алу туындаған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алушы жеке тұлғаны жазбаша хабардар етуге міндетті.
Көрсетілген хабарламада мыналар қамтылуға тиіс:
1) хабарламада көрсетілген күнге микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткізіп алынған төлемдердің мөлшері;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткізіп алынған төлемдерді енгізу туралы талап;
3) қарыз алушы жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдарын түсіндіру;
4) қарыз алушы жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен микроқаржы ұйымына жүгіну құқығына нұсқау;
5) микроқаржы ұйымының қалауы бойынша өзге де мәліметтер.
Ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар ету туралы талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымы қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.
2. Микроқаржы ұйымының қарыз алушы жеке тұлғаға осы баптың 1-тармағында көзделген хабарламаны жіберген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы:
1) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша ай сайынғы төлемді кемінде үш ай мерзімге микрокредит беру туралы шартта белгіленген мөлшерден кемінде елу пайызға азайтуға;
3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға;
4) берешекті өтеу әдісін және (немесе) берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
5) микрокредиттің мерзімін өзгертуге;
6) микрокредитке қызмет көрсетуге байланысты мерзімі өткізіп алынған негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдардың) күшін жоюға;
7) тараптардың келісімімен белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше өткізуіне;
8) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына микроқаржы ұйымына кепілдік және (немесе) өзге де мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;
9) сатып алушыға микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге қатысты ұсыныспен микроқаржы ұйымына жазбаша нысанда және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы және (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен жүгінуге құқылы.
Қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген жолданымында қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауының мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, ағымдағы кірістері туралы мәліметтер, қарыз алушының микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен жүгінуін негіздейтін басқа да мән-жайлар қамтылуға тиіс.
Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау тәртібі, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің және микроқаржы ұйымының уәкілетті органға қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы хабар беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Микроқаржы ұйымы қарыз алушы жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушы ұсынған талаптарына өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарауға және микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен қарыз алушы жеке тұлғаға жазбаша, сондай-ақ микроқаржы ұйымы қабылдаған:
1) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізуге келісетіні;
2) микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы қарыз алушыға қарсы ұсынысы;
3) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен қоса, осындай бас тарту туралы шешімдердің бірі туралы ақпараттандыру объектілері арқылы хабарлауға міндетті.
Ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар ету туралы талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.
Қарыз алушының осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымы бойынша микроқаржы ұйымының шешімін осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, микроқаржы ұйымының жеке тұлғалардың микрокредиттерін қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі ішкі тәртібіне сәйкес микроқаржы ұйымы қабылдайды.
Жеке тұлғалардың микрокредиттерін қайта құрылымдау бойынша кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі ішкі қағидаларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Микроқаржы ұйымы, егер:
1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын;
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен кез келген қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына осы баптың 3-2-тармағында көзделген жағдайларда осы баптың 2-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген өзгерістерді енгізу туралы ұсыныспен жолданымын микроқаржы ұйымына жіберген болса, мұндай өзгерістерді шарттың талаптарына енгізуге міндетті.
3-2. Микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шартқа осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген өзгерістерді енгізуі мынадай жағдайлардың:
1) қарыз алушы жүгінген айдың алдындағы екі айға есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісінің аталған қарыз алушының жүгінген айдың алдындағы он екі айға есептелген орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеуі;
2) қарыз алушы микроқаржы ұйымына жүгінген кезде оның мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуы жағдайларының кез келгені болған кезде жүзеге асырылады.
3-3. Микроқаржы ұйымы қарыз алушының осы баптың 2-тармағында көзделген жолданымын қарау кезеңінде микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.
Қарыз алушы микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Көрсетілген мерзім екі тараптың да келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.
4. Қарыз алушы:
микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған;
осы баптың 3-3-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген күннен бастап үш ай ішінде бір мезгілде бұл туралы микроқаржы ұйымын хабардар ете отырып, қаржы омбудсманына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит бойынша берешекті сотқа дейінгі реттеу жөнінде жүгінуге құқылы.
Қаржы омбудсманының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес, тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сот арқылы өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
4-1. Микроқаржы ұйымдары, банктер не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі және одан көп кредиторлардың алдында тұтынушылық микрокредиттер және (немесе) мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегі болған кезде қарыз алушы қаржы омбудсманының қызметі жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы берешекті ұжымдық реттеу үшін жүгінуге құқылы.
Ұжымдық реттеуге жататын берешектің өлшемшарттары, сондай-ақ берешекті ұжымдық реттеуді жүргізудің тәртібі мен шарттары уәкілетті органның осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
5. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы-жеке тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы-жеке тұлға мен микроқаржы ұйымы арасында микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, микроқаржы ұйымы:
1) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы.
Шаралар қолдану туралы шешім микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
2) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тарту құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі;
Микроқаржы ұйымы берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және берешекті реттеуге берген күні бұл туралы қарыз алушыны коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ цифрландыру объектілері арқылы хабардар етеді;
2-1) тұлғаға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) қарыз алушыда:
жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарты бойынша – қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын;
жеке тұлғаның микрокредит беру туралы өзге де шарттары бойынша – қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын ақшалай міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу болған кезде осы Заңның 9-1-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып беруге құқылы.
Осы тармақшаның ережелері қарыз алушы-Қазақстан Республикасының азаматына қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылған жағдайларға қолданылмайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде сотқа микрокредит беру туралы шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен ("Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
4) сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы – дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
6. Берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді микроқаржы ұйымына коллекторлық агенттік және (немесе) сервистік компания көрсететін жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымының мұндай көрсетілетін қызметтерді үшінші тұлғалардан алуына тыйым салынады.
7. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау туралы шарт жасасуына жол берілмейді.
8. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде микроқаржы ұйымы:
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін сыйақы төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы