Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-3-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы

9-3-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-3-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы 

      1. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы: 

      1) көше, шеткері және коммуналдық автомобиль тұрақтарын (орынтұрақтар, паркингтер), арнаулы (күзетілетін) үй-жайларды, алаңдар мен орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру мен басқаруды; 

      2) паркингтердің және орынтұрақтардың пайдаланылуын мониторингтеуді; 

      3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнаулы алаңдар мен тұрақтарға жеткізуге (эвакуациялауға), оларды уақытша сақтауға, жеткізу (эвакуациялау) және сақтау құнының ақысын төлеуге, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде көлік құралдарын, тасталған немесе иесіз көлік құралын, заттай дәлелдемелер деп танылған көлік құралдарын, сондай-ақ тыйым салу қолданылған көлік құралдарын арнаулы (күзетілетін) үй-жайларда, алаңдар мен тұрақтарда қайтаруға байланысты қызметті ұйымдастыруды; 

      4) бағдаршамдарды басқаруды; 

      5) жол жүрісін ұйымдастыру жобалары мен схемаларын әзірлеуді; 

      6) көлік ағындарын талдауды, болжауды және басқаруды; 

      7) интеллектуалдық көлік жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды; 

      8) көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруды; 

      9) жол жүрісін ұйымдастыру және аумақтық-көліктік жоспарлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды; 

      10) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша есептер дайындауды; 

      11) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеуді; 

      12) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды; 

      13) қала құрылысы құжаттамасының аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бөліміне ұсынымдар әзірлеуді; 

      14) жол-көлік оқиғаларынан болған шығындарды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалған бюджеттік шығындарды, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін төмендетуге қабылданатын шаралардың тиімділігін мониторингтеуге қатысуды; 

      15) мыналар: 

      жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемаларын және көлік жүйесін кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеу; 

      қалалардағы жол жүрісін ақпараттық қамтамасыз ету арқылы елді мекендерге көлік жүктемесін төмендету бойынша шараларды орындауды; 

      16) ауыр салмақты және ірі габаритті жүк көлігінің жүруін ұйымдастыруды, оның ішінде оның көше-жол желісі бойынша жүруін әкімшілендіруді; 

      17) бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де іс-шараларға көліктік қызмет көрсету схемаларын келісуді; 

      18) қоғамдық көлік қозғалысының маршруттары мен параметрлерін және аялдама пункттерінің орналасуын келісуді жүзеге асырады. 

      2. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын жеткізуді (эвакуациялауды), сақтауды жол жүрісін ұйымдастыру орталығы жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлігінде Астана, Алматы қалаларында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы