Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 9-5-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,  инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы,  банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге  келісім беру тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

9-5-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,  инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы,  банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге  келісім беру тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

      9-5-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,  инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы,  банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге  келісім беру тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы 

      1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алғысы келетін тұлға осы баптың 8, 9, 10, 11, 13 және 14-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша уәкілетті органға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті. 

      2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін алым төленеді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады. 

      3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.  

      4. Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін оларда не олардың бас ұйымында рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде ала алады. Рейтингтік агенттіктердің ең төмен рейтингі мен тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген рейтингтің болуы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздары арқылы (бұдан әрі осы баптың мақсатында – акциялар) жиынтығында он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді немесе банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын және талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент басқа заңды тұлғасының дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге жанама әсер етуді (дауыс беруді) болжайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы үшін талап етілмейді. 

      5. Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының акционері бола алады. Рейтингтік агенттіктердің талап етілетін ең төмен рейтингі мен тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иелену үлесі зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан аспауға тиіс. 

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы ғана мынадай шарттар орындалған кезде: 

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензия (рұқсат) болса, мұндай лицензия (рұқсат) осы мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда;  

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеленуге келісім (рұқсат) болса, мұндай келісім (рұқсат) осы мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда; 

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында немесе оның бас ұйымында тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса; 

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекетте шоғырландырылған қадағалауға жатса, банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингі бола алады. 

      7. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары – жеке тұлғалар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының бұрын сатып алған акцияларының құнын шегергенде) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының бұрын сатып алған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс. 

      Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі өтініш беруші: 

      1) жеке тұлға үшін: 

      кәсіпкерлік, еңбек және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде; 

      банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде – сыйға тарту, мұра, ұтыстар және (немесе) өтеусіз алынған мүлікті, мұра ретінде алынған мүлікті сатудан түсетін кірістер түрінде; 

      2) заңды тұлға үшін: 

      кәсіпкерлік және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер, түсімдер ретінде; 

      өтініш берушінің жарғылық капиталына салым түрінде алған өтініш берушінің банктік шотындағы ақша болуы мүмкін. 

      Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе өзге де нормативтерді (лимиттерді) қаржы ұйымының бұзуына алып келмеген жағдайда, қаржы ұйымының активтері қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болуы мүмкін. 

      8. Жеке тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтерді: 

      1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін; 

      2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі (пайда болу көзі) туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 

      Жеке тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған қаражат есебінен сатып алған жағдайда, өтініш беруші сыйға тартушы және сыйға тартушыда осы қаражаттың, мүліктің пайда болу көзі туралы мәліметтерді де ұсынады; 

      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар жөнінде мәліметтерді ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының ірі қатысушысы болып табылса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері қосымша ұсынылады; 

      4) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін болған жағдайларда, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қайта капиталдандыру жоспарын; 

      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, барлық міндеттемелер бойынша қолда бар берешегі туралы ақпаратты ұсынады. 

      Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы салық органының қабылдағаны туралы белгісі бар, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш уәкілетті органға берілген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күннен ерте емес күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін де ұсынады. 

      Көрсетілген мәліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ бағалаушы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде айқындаған мүліктің құнын растайтын құжаттар қоса беріледі; 

      6) еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша өтініш беруші туралы мәліметтерді ұсынады. 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары өздерінің мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің және өздері тұрақты тұратын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің құзыретті мемлекеттік органы берген, оларда алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынады (көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс); 

      7) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады. 

      Осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген құжат: 

      "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасалған; 

      инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алған жағдайда ұсынылмайды. 

      9. Егер жеке немесе заңды тұлға сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының негізінде немесе мұраны қабылдау нәтижесінде уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келген болса, ол тиісті мәртебені иелену туралы өтініш берген кезде: 

      1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына қатысты сыйға тарту, сенімгерлік басқару, мұраға беру шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелері; 

      2) осы баптың 8-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар; 

      3) егер өтініш беруші заңды тұлға болса, осы баптың 10-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттар; 

      4) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы болса, осы баптың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжат; 

      5) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының, мұраға берудің нысанасы болып табылатын акциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған құны туралы мәліметтер қосымша ұсынылады. 

      Сыйға тарту немесе мұраға беру нәтижесінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын меншігіне алған өтініш беруші банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін нарықтық құны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының бұрын алынған (сатып алынған) акцияларының құнын шегергенде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін өтініш берушіден талап етілуі мүмкін қаржы салымдарының сомасынан кем болмауға тиіс мүліктің меншік иесі болуға тиіс. 

      Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келген болса, ол банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына және (немесе) стратегиясына (саясатына) ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасауға және (немесе) осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес. 

      Көрсетілген жағдайда банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетін тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетіні белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.  

      Тиісті мәртебені иелену туралы өтініш уәкілетті органға, егер бұл тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетіні белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде акцияларды иеліктен шығаруды жоспарламаса, көрсетілген мерзімнің ішінде ұсынылады. Акцияларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылдау туралы ақпарат уәкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу беріледі. 

      Уәкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, мұндай тұлға жазбаша хабарламаны алған кезден бастап алты ай ішінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акцияларының санын тұлға мұндай белгілерге сай келуін тоқтататын деңгейге дейін азайтуға міндетті. 

      10. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттар мен мәліметтерді: 

      1) өтініш берушінің тиісті органының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін (шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда); 

      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өтініш беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін; 

      3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (тізім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда); 

      4) осы баптың 8-тармағының 1), 3), 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді; 

      5) еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. 

      Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын басшы қызметкерлері бойынша өтініш беруші олардың мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің және өздері тұрақты тұратын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар бойынша өздері тұрақты тұратын елдің құзыретті мемлекеттік органы берген, оларда алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынады (көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс); 

      6) өтініш берер алдында өтініш берушінің аудиторлық есептермен расталған, соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (өтініш берушінің еншілес ұйымдары болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ өтініш берушінің соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынады. 

      Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылына қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш беруші өтініш берер алдында соңғы аяқталған қаржы жылына және соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептіліктің (өтініш берушінің еншілес ұйымдары болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептермен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы жылдық қаржылық есептіліктің (өтініш берушінің еншілес ұйымдары болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады. 

      Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік мынадай жағдайда: 

      осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылса; 

      егер өтініш беруші заңды тұлға ретінде бір жылдан аз уақыт тіркелген болса және өтініш беруші ірі қатысушы мәртебесін иеленуге өтініш берген қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар тұлға оның ірі қатысушысы болып табылса, ұсынылмайды; 

      7) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 

      11. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы мынадай құжаттар мен мәліметтерді: 

      1) осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді; 

      2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін; 

      3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иеленуге өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті мемлекеттік органы (қаржылық қадағалау органы) берген келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті мемлекеттік органынан (қаржылық қадағалау органынан) мұндай келісім (рұқсат) талап етілмейтіні туралы растаудың көшірмесін; 

      4) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болса, өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша өтініш берушінің қаржылық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы лицензияның (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы берген растаудың көшірмесін ұсынады. 

      12. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігінде осы баптың 8-тармағы 3) тармақшасының және өтініш беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігінде осы баптың 10-тармағы 2) тармақшасының талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы болып табылатын өтініш берушіге мынадай шарттардың бірі орындалған кезде: 

      1) өтініш берушіде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-"-тен төмен емес кредиттік рейтингі болса; 

      2) өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары туралы, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында болса, қолданылмайды. 

      Осы баптың 10-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының (Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының) басшы қызметкерлері деп танылады. 

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын, Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өтініш берушісінің басшы қызметкерлеріне қатысты өтініш беруші осы баптың 10-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтерді ұсынады. 

      Өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылған және осы қаржылық есептілік қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда, осы баптың 10-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген қаржылық есептілік ұсынылмайды. 

      13. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі банк холдингі мәртебесін, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымында тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-"-тен төмен емес кредиттік рейтингі болған кезде өтініш беруші осы баптың 8-тармағының 4) және 7) тармақшаларында, 10-тармағының 1), 2), 6) және 7) тармақшаларында және 11-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады. 

      14. Дауыс беретін акциялардың жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен акцияларды сатып алу кезінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді. 

      15. Осы баптың талаптарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде қабылдауға тиіс. 

      Уәкілетті орган осы Заңның 13-5-бабына сәйкес өтініш берушіге қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде, уәкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұрады. Бұл мерзім уәжді пайымдау жобасы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алу үшін құжаттарды ұсынған тұлғаға жіберілген кезден бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады. 

      Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтінішті уәкілетті орган банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруге арналған өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды. 

      Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену туралы өтінішті уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруге арналған өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды. 

      Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижелері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда, жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі. 

      Уәкілетті орган банкке басқа банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде өтініш беруші тиісті рұқсат алған кезде бір мезгілде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат береді. 

      16. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден уәкілетті органның бас тартуы мынадай негіздердің кез келгені бойынша: 

      1) осы Заңның 9-4-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар сақталмағанда (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты); 

      2) өтініш берушінің қаржылық жағдайы орнықсыз болғанда жүргізіледі. 

      Өтініш берушінің қаржылық жағдайының орнықсыз болуы деп мынадай белгілердің біреуінің болуы түсініледі: 

      өтініш беруші ірі қатысушы мәртебесін иеленуге өтініш берген қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар тұлға өтініш берушінің ірі қатысушысы болатын жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші заңды тұлғаның өтініш берілген күнге дейін екі жылдан аз уақыт бұрын құрылуы; 

      өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акциялары мен жарғылық капиталына қатысу үлесіне орналастырылған және банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу болжанатын активтер сомасын шегергенде оның активтерінен асып түсуі; 

      аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының нәтижелері бойынша залал шегуі; 

      өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйіне айтарлықтай қауіп төндіруі; 

      банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының алдында өтініш берушінің мерзімі өткен және (немесе) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының балансына жатқызылған берешегінің болуы; 

      өтініш берушінің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы; 

      өтініш беруші мүлкінің құны (өтініш берушінің міндеттемелерін шегергенде) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болуы; 

      өтініш берушінің қаржылық жағдайының орнықсыздығын және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне, инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына залал келтіруі мүмкін екенін куәландыратын, уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған өзге де негіздер; 

      3) ұсынылған құжаттар осы баптың талаптарына сәйкес келмегенде немесе ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері жойылмағанда; 

      4) өтініш берушінің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылғанда; 

      5) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін офшор аймақтарда тіркелген заңды тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін тұлға болып табылатын жағдайларда; 

      6) өтініш беруші "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талаптарды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, сақтандыру холдингтеріне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамағанда; 

      7) өтініш берушінің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау тиісінше банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжағанда; 

      8) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай лицензия (рұқсат) болмағанда; 

      9) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасында не оның бас ұйымында осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен қажетті рейтингі болмағанда; 

      10) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлауы мүмкін болған жағдайда, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспары тиімсіз болғанда; 

      11) өтініш беруші – жеке тұлғада, өтініш берушінің басшы қызметкері – заңды тұлғада мінсіз іскерлік беделі болмағанда; 

      12) уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы жеке тұлға не ірі қатысушының бірінші басшысы заңды тұлға және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайларда жүргізіледі. 

      Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл бойы қолданылады. 

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі; 

      13) банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы осы баптың 6-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмегенде; 

      14) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайларда; 

      15) Қазақстан Республикасының бейрезидент банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізу мүмкін болмағанда; 

      16) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болғанда жүргізіледі. 

      Егер банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру, иелену не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына қомақты қатысуды иелену үшін басқа банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келсе, уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау кезінде осы Заңның 9-6-бабының 3-тармағында көзделген бас тарту негіздерін ескереді. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту негіздері болған кезде уәкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартады; 

      17) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған заңды тұлға – өтініш берушінің бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болғанда жүргізіледі. 

      17. Уәкілетті орган банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді мынадай: 

      1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі белгілі болған; 

      2) өтініш берушінің ірі қатысушы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған; 

      3) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, банк холдингі, сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған; 

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент ірі қатысушысында, банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, инвестициялық портфельді басқарушыда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган айқындайтын рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен қажетті рейтингі болмаған жағдайларда кері қайтарып алуға құқылы. 

      Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісімді кері қайтарып алған кезде уәкілетті орган келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды. 

      Келісімді кері қайтарып алған жағдайда, мұндай шара қолданылатын тұлға осындай келісімді кері қайтарып алған күннен бастап алты ай ішінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акцияларының санын ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуды талап етпейтін деңгейге дейін азайтуға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. 

      Осы бапқа сәйкес берілген келісімі кері қайтарып алынған тұлға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес. 

      Уәкілетті орган тиісті келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы. 

      18. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі уәкілетті органды банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акциялары санының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының өзі тікелей және (немесе) жанама иеленетін дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы өзгерген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, мұндай өзгеріс банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы немесе банк холдингі, сақтандыру холдингі өз акцияларын өзге акционерлерден сатып алуы салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, хабардар етуге міндетті. 

      Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акциялары санының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының санына ұлғаю жағына өзгерген жағдайда (пайыздық немесе абсолюттік мәнде), банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері (пайда болу көзі) туралы мәліметтерді уәкілетті органға осындай мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып ұсынуға тиіс. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары жеке тұлғалар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын қосымша сатып алу үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы баптың 7-тармағында көрсетілген. 

      Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акциялары санының пайыздық арақатынасы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының санына банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем санға дейін өзгерген жағдайда, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді өз бетінше анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бұрын берген жазбаша келісімі уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап күші жойылды деп есептеледі. 

      Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялардың саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайған жағдайда, құжаттарға қосымша және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді. 

      19. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алу жөніндегі талаптар: 

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне; 

      ұлттық басқарушы холдингке; 

      зейнетақы активтері есебінен банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын иеленетін инвестициялық портфельді басқарушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына; 

      банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын номиналды ұстаушы, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздардың эмитенті функцияларын жүзеге асыратын тұлғаға; 

      банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы көрсетілген банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын жанама иеленетін (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға; 

      өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын және банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (банк холдингі, сақтандыру холдингі) мәртебесі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы көрсетілген банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын жанама иеленетін (шартқа орай немесе өзгеше түрде дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғасына қолданылмайды. 

      20. Осы баптың рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингінің болуы жөніндегі талаптары және уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы ұлттық басқарушы холдингтен Қазақстан Республикасының резидент банкінің жүз пайыз акцияларын сатып алған жағдайларға қолданылмайды. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы. 

      Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы