9-6-бап. Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйым құруға немесе иеленуге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымның капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы
1. Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағында және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында белгіленген тізбеге сәйкес еншілес ұйым құруға немесе иеленуге, сондай-ақ ұйымның капиталына қомақты қатысуға құқылы.
Еншілес ұйым құруға, иеленуге және (немесе) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруға, иеленуге рұқсат алуға өтініші уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, мынадай құжаттар:
1) еншілес ұйым құрған жағдайда – құру туралы шешім не құрылтай шарты немесе жарғы жобасы;
2) еншілес ұйымды иеленген жағдайда – еншілес ұйымды иелену туралы шешім және жарғы;
3) талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын еншілес ұйымның бизнес-жоспары;
4) өтініш берер алдында иеленетін еншілес ұйымның соңғы аяқталған қаржы жылына аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі, сондай-ақ иеленетін еншілес ұйымның соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілігі қоса беріле отырып ұсынылады.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылына қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш берер алдында соңғы аяқталған қаржы жылына және соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептіліктің көшірмелері, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жылға аудиторлық есеппен расталған жылдық қаржылық есептілік ұсынылады.
Егер иеленетін еншілес ұйым қызметін бір жылдан аз жүзеге асырған болса, қаржылық есептілік өтініш берер алдында соңғы аяқталған тоқсанға ұсынылады.
5) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжат;
6) тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері;
7) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, еншілес ұйымды бақылауды иелену көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса беріле отырып ұсынылады.
Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болған жағдайда, олар ұсынылмайды.
3. Еншілес ұйым құруға, иеленуге рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені:
1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулері уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмағанда;
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы болжамды болуы нәтижесінде банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы пруденциялық нормативтерді сақтамағанда;
3) еншілес ұйымның қызметі немесе банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайтын қаржылық салдарды талдау бойынша;
4) иеленетін еншілес ұйым резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде иеленетін еншілес ұйым белгіленген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамағанда;
5) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) иелену болжанатын еншілес ұйымда өтініш берілген күнге және (немесе) құжаттарды қарау кезеңіне "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 8) және 13) тармақшаларында, 81-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 53-3-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы және сегізінші бөліктерінде, 227, 229, 230-баптарында және 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болғанда;
6) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резиденттері – банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының еншілес ұйымын құрған немесе иеленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының резиденттері – банк холдингі, сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруге қатысты осы Заңда, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды сақтамағанда;
7) банктің еншілес ұйымдарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымның капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын иеленуге қатысты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23 және 50-баптарында, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 48-баптарында белгіленген талаптарды банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтамағанда жүргізіледі.
4. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініші осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
5. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады.
Уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіні бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Банк басқа банк құрған немесе банк басқа банктің капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда, банк ашуға немесе микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген еншілес ұйым құруға немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтінішті уәкілетті орган көрсетілген рұқсаттарды беруге өтініштерді қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.
6. Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйым құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруді кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай:
1) еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат:
рұқсат беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі белгілі болған;
банктің еншілес ұйымының қызметіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің бұзылуына алып келген талаптарын банк сақтамаған;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйым қызметінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде кері қайтарып алынған;
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымының не банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымның қызметі қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу нысанында) немесе тарату арқылы тоқтатылған;
3) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
4) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері болмаған жағдайларда жойылады.
8. Уәкілетті органның еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсаты уәкілетті орган осы баптың 7-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтінішін алған күннен кейінгі не уәкілетті орган берілген рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап күші жойылды деп есептеледі.
9. Осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде шешім қабылдайды.
Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда, банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мұндай рұқсат кері қайтарып алынған күннен бастап алты ай ішінде осы банкпен, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты емес тұлғаларға өздеріне тиесілі акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не көрсетілген ұйымдардың капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын иеліктен шығаруды жүргізуге және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
10. Егер банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келген банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрса немесе иеленсе не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленсе, уәкілетті орган еншілес ұйым құруға, иеленуге немесе капиталына қомақты қатысуға рұқсатты еншілес ұйым құруға, иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтінішті және рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, осы бапта көзделген құжаттарды ұсынбай, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімі бар құжатты бір мезгілде бере отырып, банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат осы алым "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда ұсынылмайды.
11. Осы баптың талаптары:
1) банктің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабында көзделген шарттарда еншілес ұйымды құру (иелену) жағдайларына;
2) банктің басқа банктің акцияларын не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың акциялары мен жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы.
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы