Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 9-7-бап. Банк, бейрезидент банк филиалы, банк холдингі,   сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта   сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

9-7-бап. Банк, бейрезидент банк филиалы, банк холдингі,   сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта   сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-7-бап. Банк, бейрезидент банк филиалы, банк холдингі,   сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта   сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы 

      1. Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды. 

      Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уәкілетті органның талап етуі бойынша банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының интернет-ресурсында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады. 

      Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайда мен залал туралы есепті аудиторлық растаусыз, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды. 

      2. Қазақстан Республикасының резиденттері банк холдингтері, Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру холдингтері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда, шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды. 

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде: 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті; 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ аудиторлық есепті аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін жариялайды. 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы. 

      Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы