9-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу 3-тарау. АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құруға, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi және тамақ өнеркәсiбін дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейiн көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi, техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
3-1) ауылшаруашылық өнімін кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;
4) мамандандырылған ұйымдар құру;
5) агроөнеркәсiптік кешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
6) агроөнеркәсіптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
7) агроөнеркәсіптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
8) агроөнеркәсіптiк кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау;
9) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру;
10) ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру;
11) ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету;
11-1) алып тасталды - ҚР 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
12) салықтық, бюджеттiк, кедендiк-тарифтiк, техникалық реттеу шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де шараларды қолдану;
13) агроөнеркәсіптік кешенде технологиялық міндеттерді мониторингтеу, болжау және технологиялар трансфертін ұйымдастыру;
14) қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қоса қаржыландыруға тарту арқылы жүзеге асырылады.
3. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды мемлекеттiк реттеудiң осы баптың 2-тармағында белгiленген iс-шаралары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес көзделген бағыттар бойынша қаржыландырылады.
Осы ic-шараларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен және мәслихаттардың жергiлiктi бюджет туралы шешiмдерiмен белгiленедi.
4. Агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілерін мемлекеттік ынталандыру осы Заңға және "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы