9-бап. Бағалау туралы есептi ресімдеуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы
1. Бағалау туралы есепке бағалаушы қол қояды, ал бағалаушы заңды тұлғамен еңбек шартын жасасқан жағдайда заңды тұлғаның басшысы бекітеді.
2. Бағалау туралы есеп жазбаша түрде кемінде екі данада жасалады, оның біреуі тапсырыс берушіге беріледі, екінші данасы бағалаушыда немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғада бағалаушылар палатасы айқындайтын тәртіппен сақталады, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийінде бағалау туралы есеп жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеледі.
Бағалау туралы есепті бағалаушы қаржылық есептілік депозитарийінде электрондық түрде қалыптастырады. Бұл ретте бағалау туралы электрондық есепті қаржылық есептілік депозитарийінде тіркеу талап етілмейді.
3. Бағалау объектісінің осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жасалған бағалау туралы есепте көрсетілген нарықтық немесе өзге құнының жиынтық шамасы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бағалау объектісімен мәміле жасасу мақсаттары үшін ұсынылатын шама болып танылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы