Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 9-бап. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

9-бап. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында белгiленген шектеулер ескеріле отырып, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттерi және (немесе) бейрезиденттерi банктiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       1-тармақтың екінші бөлігі 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 135-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен.  

       Осы Заңның 4-бабының 4-тармағында және 94-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана банктің құрылтайшысы және (немесе) акционері бола алады.  

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       1-тармақтың үшінші бөлігі 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 135-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен.  

       Уәкілетті орган реттеу режиміндегі банктің осы Заңның 98-бабында көзделген активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру банкінің жалғыз құрылтайшысы болуы мүмкін. 

      Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, дауыс беретін акцияларының не жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшылары мен акционерлері бола алмайды. 

      2. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, дербес немесе басқа тұлғамен (басқа тұлғалармен) бірлесіп: 

      жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге; 

      банкті бақылауды жүзеге асыруға;  

      банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен банк қабылдайтын шешімдерге тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы емес.  

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап: 

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне; 

      ұлттық басқарушы холдингке; 

      банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушыға; 

      банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаға, сондай-ақ аталған туынды бағалы қағаздардың эмитентіне; 

      банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз банк акциялары бойынша дивидендтер және (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлғаға; 

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында көрсетілген өзге де тұлғаларға қолданылмайды. 

      Жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы осындай сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаларға, сондай-ақ банкті бақылауды жүзеге асыратын немесе банк қабылдайтын шешімдерге тікелей және (немесе) жанама ықпал ететін тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ мұндай тұлғалардың банк немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу тәртібі "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-5-бабында белгіленеді. 

      3. Банктің дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған жағдайларды қоспағанда, банктің кемінде бір ірі қатысушысы немесе бір банк холдингі болуға тиіс. 

      4. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде тізбесі белгіленетін офшорлық аймақтарда тіркеле алмайды. 

      Аталған шектеу Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің еншілес ұйымы болып табылатын, рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингіне ие банкке қолданылмайды. Рейтингтік агенттіктердің тізбесі мен ең төменгі талап етілетін рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.  

      5. Жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мына шарттардың кез келгені болған кезде: 

      1) көрсетілген тұлғалар өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай банк шешіміне бірлесіп ықпал ететін болса; 

      2) көрсетілген тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылса; 

      3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді және (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес банктің дауыс беретін акцияларын және Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уәкілеттік берсе (міндеттесе);  

      4) көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаға банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе банктің дауыс беретін акциялары шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алу үшін өтеусіз ақша және (немесе) өзге мүлік берсе;  

      5) көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаның лауазымды адамы болып табылса;  

      6) өкіл өзі өкілі болып табылатын тұлғаның нұсқауларына қатаң сәйкестікте әрекет ететін және өкілі болып табылатын тұлғаның атынан өз қалауы бойынша әрекеттер жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаның өкілі болып табылса; 

      7) көрсетілген тұлғалар жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылса; 

      8) уәкілетті орган белгілеген жағдайларда көрсетілген тұлғалар банк шешіміне өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін болса, бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады. 

      6. Жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мына шарттардың кез келгені болған кезде: 

      1) көрсетілген тұлғалар өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай банктің шешіміне бірлесіп ықпал ететін болса;  

      2) көрсетілген тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылса; 

      3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді және (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаға банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уәкілеттік берсе (міндеттесе); 

      4) көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаға банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алу үшін өтеусіз ақша және (немесе) өзге де мүлік берсе; 

      5) өкіл өзі өкілі болып табылатын адамның нұсқауларына қатаң сәйкестікте әрекет ететін және өкілі болып табылатын адамның атынан өз қалауы бойынша әрекеттер жасауға құқылы болмайтын жағдайларды қоспағанда, көрсетілген тұлғалардың бірі екінші көрсетілген тұлғаның өкілі болып табылса; 

      6) көрсетілген тұлғалар уәкілетті орган белгілеген жағдайларда банк шешіміне өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін болса, бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.  

      7. Мынадай: 

      1) банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру;  

      2) банктің директорлар кеңесі банк акционерлерінің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап арызбен сотқа жүгіну; 

      3) банк акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу; 

      4) банктің директорлар кеңесінің отырысын шақыру; 

      5) аудиторлық ұйымның өз есебінен банкке аудит жүргізуі мәселелері бойынша ғана бірлесіп шешімдер қабылдауын көздейтін, өздерінің арасында жасалған шарт негізінде әрекет ететін, жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар банктің ірі қатысушысы, банк холдингі деп танылмайды. 

      8. Егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сай келсе, бұл тұлға "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алмайынша банкте қабылданатын шешімдерге ықпал етуге бағытталған ешбір әрекетті қабылдауға және (немесе) банктің акцияларымен және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарымен дауыс беруге құқылы емес. 

      Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сай келетін тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға, оның ішінде көрсетілген тұлғадан банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды алты айдан аспайтын мерзімде өткізуін талап етуге құқылы. 

      9. Уәкілетті орган тұлғаның банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілеріне уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сай келетіні туралы мәліметтерді растайтын немесе теріске шығаратын ақпаратты талап етуге құқылы.  

      Көрсетілген ақпаратты уәкілетті орган оны иеленуші кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғаның бақылауындағы кез келген ұйымнан талап ете алады. 

      10. Банк жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар құрамының өзгергені туралы осындай факті анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

      11. Банктің ірі қатысушылары болып табылатын резидент жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын ұсынуға міндетті. 

      12. Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және мыналарды қамтиды: 

      1) банктің ірі қатысушысы белгілерін анықтау мақсаты үшін жеке немесе заңды тұлғаның банк қабылдайтын шешімдерге банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал ету (дауыс беру) жағдайларын анықтау;  

      2) заңды тұлғаның банк холдингінің белгілерін анықтау мақсаты үшін банк қабылдайтын шешімдерге банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал ету (дауыс беру) жағдайларын анықтау; 

      3) жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаларды бірлесіп банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп тану мақсаты үшін олардың банк шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал ету жағдайларын айқындау;  

      4) бақылау белгілерін анықтау мақсаты үшін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, заңды тұлғаның шешімдерін өзгеше түрде айқындау мүмкіндігі болған жағдайларды анықтау;  

      5) ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау мақсаты үшін дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың жиырма және одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану не оларға билік ету жағдайларын анықтау. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

 

 

 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ  Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі  туралы Заңымен.  

9-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы  

      1. Банкiлерге жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.  

1-1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз немесе салым бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру кезінде анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті. 

      Банктік қарыз немесе салым бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату, соның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қаріптері басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі нысанда цифрлармен көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін осы жарнамада өзге ақпаратты көрсету кезінде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді.

      2. Уәкiлеттi орган банкiден шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.  

      Бұл талап Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған банкiнiң есебiнен нақтылауға құқылы.  

      3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жатқызылған, жүзеге асырылатын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады.  

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы