Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 9-бап. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару негіздері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

9-бап. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару негіздері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару негіздері Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

     1. Коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізілімінен мынадай негіздердің бірі бойынша шығарылады: 

      1) коллекторлық агенттіктің және (немесе) оның борышкерлермен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлерінің осы Заңның 5-бабы 5-тармағының 7) және 8) тармақшаларында, 5-1-тармағында көзделген жосықсыз әрекеттердің бірін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет жасауы; 

      2) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттың анықталуы; 

      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері жөніндегі талаптардың сақталмауы; 

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етілетін есептілік белгіленген мерзімде бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынылмауы немесе уақтылы ұсынылмауы; 

      5) коллекторлық агенттіктің уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты немесе өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бермеуі, уақтылы бермеуі не коллекторлық агенттіктің уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтер қамтылмаған ақпаратты беруі не анық емес ақпарат беруі; 

      6) коллекторлық агенттіктің шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өзі қабылдаған және (немесе) оған уәкілетті орган жүктеген міндеттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) орындамауы, уақтылы орындамауы; 

      7) коллекторлық қызметтің қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырылмауы; 

      8) коллекторлық агенттіктің осы Заңда белгіленген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүше болу туралы талапты бұзуы; 

      9) коллекторлық агенттіктің қызметін тоқтату туралы сот актісінің заңды күшіне енуі; 

      10) коллекторлық агенттіктің тексеру жүргізуге соңғы күнтізбелік он екі айда үш және одан көп рет кедергі жасауы; 

      11) коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген жағдайда коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы өтінішіне барлық міндеттемелердің орындалғанын растау, сондай-ақ баланста бұрын иеленген құқықтардың (талаптардың) болмауы туралы хат қоса беріледі.

1-1. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарудың орындылығын айқындау кезінде мыналар ескеріледі: 

      1) бұзушылықтардың сипаты және салдары; 

      2) жол берілген бұзушылықтардың ауқымы мен айтарлықтай болуы және олардың салдары; 

      3) бұзушылықтардың жүйелілігі мен ұзақтығы; 

      4) жол берілген бұзушылықтардың туындауына негіз болған себептер; 

      5) бұрын қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі); 

      6) анықталған бұзушылықтарды жоюға және олардың тиімділігіне бағытталған дербес шаралар қабылдауы.

      2. Коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылған жағдайда, уәкілетті орган оны шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұл туралы жазбаша түрде хабардар етеді. 

      Хабарлама есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште не коллекторлық агенттіктің тұрған жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі. 

      3. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

      Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды. 

4. Коллекторлық агенттікке өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар және (немесе) банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтардың (талаптардың) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасауға тыйым салынады. 

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқықтарды (талаптарды) беруді қоспағанда, коллекторлық агенттікке оның коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап, сондай-ақ қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы коллекторлық агенттіктің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаға банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуге тыйым салынады. 

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша жеке тұлғалармен шарттық қатынастар тоқтатылғанға дейін коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылған коллекторлық агенттік, сондай-ақ қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы коллекторлық агенттіктің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлға банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына, сондай-ақ кредиттік бюролардың дерекқорындағы барлық борышкер бойынша ақпаратты жаңартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.

       5. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде:  

      өз атауынан "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге; 

      өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі барлық мәліметтер мен құжаттарды кредиторға беруге; 

      өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компанияға уәкілетті органның оны коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылғаны туралы хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге; 

      берешекті өндіріп алу туралы жасалған барлық шарттарды және (немесе) сенімгерлік басқару шарттарын бұзуға міндетті. 

      Кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бұрын осы коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарттарды бұзу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. 

      Өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп таратылуға жатады. 

      6. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы: 

      берешекті өндіріп алу туралы шарттар жасасқан кредиторларды; 

      сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды; 

       берешегі коллекторлық агенттікке берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен; 

       өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен хабардар етуге міндетті. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы