9-бап. Облыстық маңызы бар қаланың (агломерация орталығының) және елді мекендері агломерацияға кіретін аудандардың жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктері Агломерацияларды дамыту туралы Заңы
Облыстық маңызы бар қаланың (агломерация орталығының) және елді мекендері агломерацияға кіретін аудандардың жергілікті атқарушы органдары:
1) агломерацияға кіретін елді мекендердің жергілікті маңызы бар мәселелерін бірлесіп шешуге қатысады;
2) облыстық маңызы бар қала (агломерация орталығы) мен елді мекендері агломерацияға кіретін аудандар арасындағы агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді дайындауға және оған қол қоюға қатысады;
3) жергілікті агломерация кеңесін құруға және оның қызметіне қатысады;
4) агломерацияны дамытудың кешенді жоспарына қосу үшін жергілікті агломерация кеңесінің хатшылығына ұсыныстар жібереді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 1 қаңтардағы № 181-VII ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында агломерацияларды қалыптастыру, дамыту және олардың жұмыс істеуі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
[Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы