Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

9-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы 

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган:

      1) эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, сондай-ақ басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) оларды басқару қағидаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      2) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      3) осы Заңның және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, сондай-ақ оларды басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) басқаруы қағидаларын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу қағидаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 маусымдағы № 199-VIII ҚРЗ 

Осы Заң нысаналы капитал қорларын құру, басқару және тарату, эндаумент-қорларды (нысаналы капиталдарды) қалыптастыру, толықтыру, таратып жіберу және олардың инвестициялық кірістерін пайдалану, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін сенімгерлік басқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы