Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр және (немесе) жылу энергиясын сату кезіндегі қолдау Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы

9-бап. Жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр және (немесе) жылу энергиясын сату кезіндегі қолдау Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр және (немесе) жылу энергиясын сату кезіндегі қолдау Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы 

   1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым, егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше көзделмесе, өз қалауымен, өндірілген электр энергиясын мынадай нұсқалардың бірі бойынша:

      1) осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өзі мен қаржы-есеп айырысу орталығы арасында сатып алу-сату шартын жасасқан күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша не аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған аукциондық баға бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға;

      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға және шекті тарифтер бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға өткізуге құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірілетін электр энергиясын осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген нұсқа бойынша өткізуге көшуге құқылы емес.

      1-1. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірілетін электр энергиясын:

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 16-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымдарға,

      және (немесе) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес жүйелік операторға сатуға (өткізуге) құқылы.

      2. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмасалатын шығындарды уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес тікелей тұтынушылар, өнеркәсіптік кешендер, шартты тұтынушылар және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасқан жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасында (бұдан әрі – жалпы шығындар) бөледі.

      Тікелей тұтынушыларға және өнеркәсіптік кешендерге тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлеміндегі олардың электр энергиясын жоспарлы тұтынуының тиісті үлесі (бұдан әрі – тікелей тұтынушылар мен өнеркәсіптік кешендердің шығындары) ретінде айқындалады.

      Жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне тиесілі, жалпы шығындар мен тікелей тұтынушылардың және өнеркәсіптік кешендердің шығындарының айырмасы ретінде айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар олардың арасында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын жоспарлы сатып алу үлесіне барабар бөлінеді.

      Бұл ретте осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды басым тұтынушыға бөлмейді.

      2-1. Басым тұтынушы пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері электр энергиясын өндірудің жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде аз кезеңдегі көлемінің) өзі тұтынған электр энергиясының көлеміне арақатынасы төменде санамаланған екі көрсеткіштен:

      1) Қазақстан Республикасында есеп айырысу жылында электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері өндіріп шығаратын электр энергиясы көлемінің нақты үлесінен;

      2) есеп айырысу жылында қолданылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштен төмен болған жағдайда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды қайта есептеуді жүргізеді және оның тиісті үлесін басым тұтынушыға қайта бөледі.

      2-2. Егер басым тұтынушы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалануға берсе, оған қайта бөлінетін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындардың үлесі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес есептеледі.

      Бұл ретте басым тұтынушының электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын жоспарлы сатып алуының есептерде ескерілетін көлемі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының басым тұтынушымен сатып алу-сату шартының қолданылуына қарай әрбір келесі жылы пропорционалды түрде төмендетілетін, 2020 жылы қаржы-есеп айырысу орталығынан басым тұтынушы нақты сатып алған электр энергиясы көлемінің шамасына тең болатын шамадан төмен болмауға тиіс.

      2-3. Басым тұтынушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жылына бір рет тікелей тұтынушылар мен оның құрамына кіретін өнеркәсіптік кешендер арасында дербес бөледі.

      3. Алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      4. Алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      4-1. Алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      4-2. Алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-3. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері уәкілетті органды, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және жүйелік операторды жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланып отырған іске қосу туралы жаңартылатын энергия көздерінің және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және оның орналасқан жерін көрсете отырып, күнтізбелік үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      Уәкілетті орган кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің хабарламасында көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланып отырған іске қосу бойынша мерзімдер асып кеткен жағдайда, осы субъектінің өтініші негізінде мерзімдерді түзетуді жүргізеді.

      5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген жылу энергиясын сатып алу-сату шарттары жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының өзін-өзі ақтау мерзімінен кем емес кезеңге жасалады.

      6. Алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ нетто-тұтынушыларға желілер бойынша беруге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

      Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес өндірілетін электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ нетто-тұтынушылар энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге арналған қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.

      7-1. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын басым тұтынушылар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымдардың осы электр энергиясын беруге көрсетілетін қызметіне арналған тарифке уақытша төмендету коэффициентін алуға құқылы.

      8. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар және жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысады.

      9. Алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      10. Алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      11. Алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV Заңы. 

      Осы Заң жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың мақсаттарын, нысандары мен бағыттарын айқындайды, сондай-ақ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану тетігін реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы